ЖАС ҒАЛЫМДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
«ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ЖҮЙЕСІ: ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Сіздерге 9 желтоқсанда Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырумен және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдауымен өтетін «Өсімдіктерді қорғаудың интеграцияланған жүйесі: жағдайы мен болашағы» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтетінін қуана хабарлаймыз!
конференция жайлы
Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің өсімдік қорғау саласының мамандардын жинаған бұл конференция білім, идеялар мен зерттеу тәжірибелерімен алмасу және өсімдіктерді қорғаудың интеграцияланған жүйесінің проблемалары мен даму перспективаларын талқылау платформасына айналады.
Секциялар
- Зиянды организмдерді бақылаудың экологизациялық тәсілдері.
- Ауыл шаруашылығы дақылдары мен орманды биологиялық қорғау: жағдайы мен болашағы
- Өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы инновациялық технологиялар мен заманауи шешімдер.
- Пестицидтер және оларды ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды организмдерден интеграцияланған қорғау жүйесінде қауіпсіз қолдану.
Формат
Бұл конференция гибридті форматта өтеді. Барлық сессиялар онлайн режимінде көрсетіледі, алайда қатысушылардың осы іс-шараға келіп қатысқанын жөн көреміз.
Бұл конференция кімге пайдалы болады
- Аграрлық мамандық студенттеріне;
- Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) жүйесіндегі жас ғалымдарға;
- Өсімдік қорғау өнімдерін тіркеуші компанияларға;
- Өз бизнесін ғылыммен қатар дамытқысы келетін АӨК кәсіпкерлеріне.