
Play Video
- институт жайлы -
видео
сұхбат
1-бөлім. Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ
«Өнеркәсіптік микробиология» компаниясының зауытында дайындалған «Микробиология және вирусология» ҒӨО ғалымдарының «Ой күшімен жасалған, Қазақстанда өндірілген» Ризовит-АКС®, Фитобацирин®, Фосфобацирин® және Плантобактерин® отандық биопрепараттарына институтымыздың ғалымдары лабораториялық сынақтар жүргізген. Жүргізілген сынақтар шеңберінде «Өнеркәсіптік микробиология» түсіру тобы институтымыздың мамандарынан сұхбат алды.

2-бөлім. Тұқым. Биотыңайтқыш
«Өнеркәсіптік микробиология» түсіру тобына берілген сұхбаттың 2 бөлімінде институтымыздың Басқарма төрағасы, биология ғылымдарының кандидаты, ҚР АШҒА академигі Б.А. Дүйсембеков тұқым және биотыңайытқыштар жайлы сөз қозғады.
Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштарды әр дақылда өз мөлшерінде қолданбағаннан туындайтын салдармен бөлісті.

3-БӨЛІМ. Тұқымды сауықтыру
«Өнеркәсіптік микробиология» түсіру тобына берілген сұхбаттың 3 бөлімінде институтымызға қарасты Фитосанитарлық зертханалық талдау сынақ орталығының зертханаларында жүргізілген тұқымды сауықтыру жөнінде тәжірибе нәтижелерімен таныстыру мақсатында зертхана меңгерушілері және ғылыми мамандармен сұхбат жүргізілді.

4-БӨЛІМ. Фитосанитарлық зертханалық талдау сынақ орталығы
«Өнеркәсіптік микробиология» түсіру тобына берілген сұхбаттың 4-бөлімінде институтымызға қарасты Фитосанитарлық зертханалық талдау сынақ орталығының зертхана меңгерушілері зертханаларында жүргізілетін ғылыми сүйемелдеу жасайтын жұмыстары жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.