ӨСІМДІКТЕРДІ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ

Бөлімнің бағыты

Зерттеудің негізгі бағыттары төменде көрсетілген кейбір мәселелерді шешуге бағытталған:

  • Энтомопатогендік, микроорганизмдер және биоагент-энтомофагтардың тірі дақылдары коллекцияларын сақтау, толықтыру және дамыту.
  • Энтомопатогендердің, энтомофагтардың жергілікті түрлерін жаппай өсіру және ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне қарсы биологиялық қорғауда қолдану технологиясын жетілдіре отырып, оларды трансферттау және іздеу.
  • Ауыл шаруашылығымен бірге көкөніс дақылдары мен мақтаны қорғаудың биологиялық технологиясын енгізу.
  • Энтомофагтардың аналықтарын өсіру бойынша әдістемелік ұсыныстар шығару және оларды өндіріске өткізу кезінде биоматериалдың сапасын бағалау.
  • Әртүрлі дақылдарда биологиялық іс-шаралар кешенін (биоагенттер, биопрепараттар, феромон тұзақтары, өсу стимуляторлары) қолдану бойынша әзірленген ұсыныстарды енгізу үшін коммерцияландыру.

Миссиясы

Қазақстан Республикасы аумағының фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өсімдіктерді қорғаудың әртүрлі қауіпсіз технологиялары мен әдістерін кешенді қолдану арқылы табиғаттың өз күшін және экожүйелердің фитосанитариялық жағдайын басқаруды пайдалана отырып, өсімдіктерді қорғау.

Стратегиялық мақсаты

Агрофитоценоздарға пестицидтік жүктемені төмендету мақсатында өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғаудың интеграцияланған жүйесін әзірлеу және елдің биологиялық, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі үшін өсімдіктер карантинін ғылыми қамтамасыз ету.

Портфолио

Гранттар

  1. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2015–2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулері бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттік бағдарлама бойынша 217 «Ғылымды дамыту» Бюджеттік бағдарламасы, ішкі бағдарламасы бойынша 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» 4165/ГФ4 «Іле және Жоңғар Алатауындағы жабайы алма ағашының дефолиация динамикасын қайта жаңарту» жүргізілді.
  2. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2018–2020  жылдарға арналған ғылыми зерттеулері бюджеттік бағдарлама шеңберінде келесі бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілді: 217 «Ғылымды дамыту», 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» ішкі бағдарламасы, «Өмір және денсаулық туралы ғылымдар» жоба тақырыбы: № АР05134299 «Іле Алатауындағы Шренк шыршасының эндемикасындағы дің зиянкестері (Scolytinae) популяциясының мониторингі.

Аяқталған және ағымдағы жобалар

«Шығыс Қазақстан облысы Кенді Алтайдың ормандарында қылқан және жапырақ кеміргіш зиянкестерінің түр құрамын зерттеу және қорғау шаралар жүйесін әзірлеу» ҚР АШМ;

«Климат пен фитопатогендердің Тянь-Шань шыршасының өсуі мен дамуына әсерін зерттеу және шыршаны қабықжегілерден қорғау үшін жаңа биопрепараттарды Іле Алатаудың таулы ормандарында қолдану үшін ұсыныстар әзірлеу» ҚР БҒМ;

0206/МБҚ«Қазақстанның әртүрлі аймақтары үшін ауылшаруашылық дақылдары мен жерлерді зиянды және карантиндік организмдерден қорғаудың кешенді әдістерін және токсикологиялық бағалауды жетілдіру». Міндет:«Қорғалған топырақта көкөніс дақылдарының зиянкестеріне қарсы биоагенттерді жаппай өсіру және колонизациялау технологиясын әзірлеу» ҒЗЖ ҚР АШМ

5393/ГФ4 «Көкөніс дақылдарын бунақденелі зиянкестерден биологиялық әдіспен қорғау үшін тәжірбиелік жағдайда энтомофаг-жәндіктерінің қолдану мүмкіндіктерін зерттеу»  ҚР БҒМ;

4165/ГФ4 «Іле-Алатау және Жоңғар Алатауы жағдайларында жабайы алманың дефолиациялану динамикасын реконструкциялау» ҚР БҒМ;

0206/МБҚ «Қазақстан Республикасында фитосанитарлық қауіпсіздікті инновациялық ғылыми-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету» ғылыми-техникалық бағдарламасының 4-міндеті «Өсімдік қорғаудың инновациялық экологиялық зиянсыз технологияларын әзірлеу және енгізу» ҚР АШМ МБҚ.

№АР 05134585 «Ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылыжайдағы көкөніс дақылдарын зиянкестерден қорғау үшін негізгі энтомоакарифагтарды жаппай өсіру және қолдану технологияларын шығару және енгізу» ҚР БҒМ;

№АР 05134299 «Іле Алатауында эндемик Шренка шыршасының дің зиянкестері (Scolytinae) популяцияларының мониторингі» ҚР БҒМ;

170-17-ГК «Зиянкестер мен аурулардан қорғаудың кешенді жүйесімен клондық микрокөбейтудің биотехнологиялық әдістерін және өсірудің агротехникалық әдістерін қолдану негізінде қазақстандық селекциядағы тораңғы және терек будандарының элиталық отырғызу материалын өндіруді және өткізуді ұйымдастыру», ҚР «Ғылым қоры»; 

«Қазақстан Республикасы АӨК-нің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдерді бақылаудың озық технологияларын трансферттеу, бейімдеу және енгізу» ҚР АШМ МБҚ.

 

2021-2023 жылдары «Жеміс, көкөніс, дәнді дақылдар, мал азықтық, бұршақ дақылдары мен өсімдіктер карантинін қорғаудың интеграцияланған жүйелерін әзірлеу және жетілдіру»бағдарламасы бойынша.
Ғылыми-техникалық бағдарламасы BR10764907-OT-21 «Өңірлердің ерекшелігін, цифрландыру мен экспортты ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша органикалық ауыл шаруашылығын жүргізу технологияларын әзірлеу» » міндеті бойынша Органикалық егіншілік өндірісі үшін биологиялық қорғау шараларының кешенін әзірлеу».

Өсімдерді биологиялық қорғау бөлімінің зертханалары:

защита растений

Мухамадиев Нұржан Серікқанұлы

«Өсімдіктерді биологиялық қорғау» бөлімінің жетекшісі
защита растений

Әділханқызы Айнура

 Биотехнология зертханасының меңгерушісі

защита растений

Меңдібаева Гүлназ Жеткергенқызы

 Пайдалы жәндіктер зертханасының меңгерушісінің қызметін атқарушы

защита растений

Биоагентты жаппай өндіру технологиясы зертханасының меңгерушісі