Токсикология зертханасының жетекші ғалымы дүниеден өтті

защита растений

Токсикология зертханасының бұрынғы меңгерушісі – НҰРЖАНОВ ӨТЕГЕН СҮЙЕУҒАЛИҰЛЫТІҢ дүниеден озғанын қайғыра отырып хабарлаймыз. Нұржанов Өтеген Сүйеуғалиұлы 13.10.1936 ж. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Чапаев ауылында жұмысшы отбасында дүниге келген.     1954 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының агрономия факультетіне түсіп, 1959 жылы осы институтты бітіргеннен кейін, Республикалық картоп-жеміс шаруашылығының тәжірибелік станциясына жіберілді.  1961 жылы Ленинград […]

Еменнің үңгі егегішінің жаппай таралуының жергілікті өршуі

защита растений

Еменнің үңгі егегіші – ағаштардың жаңа кеселі Зиянкестің өршуі Еменнің үңгі егегіші Алматы қалаларының саябақтары мен көшелерінде еменнің үңгі егегішінің (Profenusa pygmaea) жаппай таралуының жергілікті өршуі байқалғандықтан, ҚР аумағында қауіпті, аса қауіпті карантинді зиянды организмдердің таралуын болжау әдістемесін әзірлеу мақсатында өсімдіктерді биологиялық қорғау бөлімінің мамандары аталған зиянкестің зақымдалуын, биологиясын анықтап, сонымен қатар оған қорғаныс шараларын […]

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) жоба

fao

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіптерді азайту үшін зиянкестерден біріктірілген қорғауға шақырады Жыл сайын фермерлер егін мен сапасына теріс әсер ететін зиянкестер мен ауруларға тап болады. Зиянкестермен күресу бойынша білім мен дағдылардың жеткіліксіздігінен туындаған пестицидтерді дұрыс пайдаланбау негізгі зиянкестерде төзімділіктің пайда болу қаупінің артуына және адам […]

Сақ болыңыз, сабақ көбелегі!

сабақ көбелегі

Сақ болыңыздар, жүгері сабақ көбелегі!​ Сабақ немесе жүгері көбелегі-Ostrinia nubiealis Hb. көп коректілігімен көзге түседі. Дақылдардан көбінесе жүгеріні, тарыны зақымдайды. Қазахстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарында таралған, әсіресе Қызылорда облысында жүгеріге, күрішке және басқа дақылдарға зиян келтіреді. Көктемнің басталуымен жүгері көбелегінің қыстап шыққан жұлдызқұрттар санын есепке алу уақыты келеді. Жүгері көбелегі – көпқоректі зиянкес. Мал […]

Жас ғалымдар дөңгелек үстелі

nshs

дөңгелек үстел: «NSHS МЫСАЛЫНДА ТҰҚЫМ ӨНДІРУ (ҰЛТТЫҚ ТҰҚЫМ ӨНДІРУ ЖҮЙЕСІ, АЙОВА, АҚШ)» Бұған дейін әлеуметтік желілерде Біз Сіздерді биотехнология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Шоқанова Ақмаралмен таныстырдық және оның Айова мемлекеттік университетінде тағылымдамасы туралы толығырақ айтып бердік. Үлкен білім қорымен келген Ақмарал өзінің жеке тәжірибесі мен алған білімі туралы қуана бөлісіге келісті. Осыған байланысты, 28 ақпанда […]

Өсімдік қорғау және карантин ғылымына +1 PhD!

Өсімдік қорғау PhD

Алпысбаева Қарлығаш Азирбековнаны Өсімдік қорғау мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесінің берілуімен құттықтаймыз! Биоагенттерді жаппай өндіру  зертханасының меңгерушісі Алпысбаева Қарлығаш Азирбековнаны 6D081100 – Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алу үшін “Оңтүстік Қазақстан жағдайында мақта дақылын қабыршақ қанатты зиянкестерден қорғауда Bracon hebetor Say. биоагентін пайдалану“ тақырыбында орындалған диссертациялық жұмысын сәтті […]

«Өнеркәсіптік микробиология» түсіру тобына берілген сұхбат

защита растений

толығырақ танысу – институт жайлы – видео сұхбат 1-бөлім. Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ «Өнеркәсіптік микробиология» компаниясының зауытында дайындалған «Микробиология және вирусология» ҒӨО ғалымдарының «Ой күшімен жасалған, Қазақстанда өндірілген» Ризовит-АКС®, Фитобацирин®, Фосфобацирин® және Плантобактерин® отандық биопрепараттарына институтымыздың ғалымдары лабораториялық сынақтар жүргізген. Жүргізілген сынақтар шеңберінде «Өнеркәсіптік микробиология» түсіру тобы институтымыздың мамандарынан сұхбат алды. толығырақ танысу […]

ЖАС ҒАЛЫМДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

защита растений

ЖАС ҒАЛЫМДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 9 желтоқсан, 2022  Алматы, Қазақстан Желтоқсан айының 9 жұлдызында Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымдар кеңесі ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ғылыми хатшы қызметін атқарған Жанарбекова Алма Бекболатқызын еске алуға арналған Өсімдіктерді қорғаудың интеграцияланған жүйесі: жағдайы мен болашағы тақырыбында Жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырып, сәтті түрде […]

Энтомологтар дөңгелек үстелі

энтомология деген не

Энтомологтар дөңгелек үстелі Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантині ғылыми-зерттеу институтының жас энтомологтар тобы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Энтомология ғылымына терең бойлау Дөңгелек үстел барысында энтомология ұғымы талқыланды. Өсімдіктерді интеграцияланған қорғау бөлімінің энтомология зертханасының ғылыми қызметкері – Арнұр Кенжеғалиев жәндіктерді жинау және сақтау әдістері, феромонды тұзақтар не екенін және қалай […]

“Өсімдіктерді қорғау мен карантиннің заманауи технологиялары» тақырыбында ғылыми тағылымдама

Научная стажировка в институте

ҚазӨҚКҒЗИ өткен ғылыми тағылымдама Өсімдіктерді қорғау мен карантиннің заманауи технологиялары Мамандардың ғылым тағылымдамасы Ғылыми тағылымдама бұл тек қызметкердің біліктілігін арттыру ғана емес, сонымен қатар екі жақтың мамандары арасында тәжірибе мен білім алмасу болып табылады. Бұл бейіндік салалардағы ұйымдар арасындағы байланыстарды қалыптастыру және нығайту үшін тамаша мүмкіндік. Технологияларды енгізу және коммерциаландыру Технологияларды енгізу және коммерциаландыру бөлімі […]