Қазақстанның аграрлық секторында пестицидтерді бақылаусыз қолданудың артуы біздің институт ғалымдарын қатты алаңдатады.
Бұл тұрғыда, ең үлкен алаңдаушылық тудыратын жағдай – пестицидтердің адам денсаулығына тигізетін кері әсері. Қазіргі кезде көптеген елдер өсімдік қорғаудың экологиялық таза технологияларына белсенді түрде ауысып жатқаны белгілі, алайда Қазақстанда өсімдіктерді зиянкестерден қорғау тек жоғары уытты химикаттармен (пестицидтермен) өңдеу деген стереотип қалыптасқан.
Мамандарды дайындау деңгейінің төмендеуі, зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктерін, оларға қарсы қолданылатын күрес шараларын тиісті деңгейде білмеу салдарынан көптеген фермерлер іс-шараларды қолдану мерзімдерін өткізіп алады немесе пестицидтердің қолдану мөлшерін асыра қолданады, өңдеу жиілігін арттырады, тіпті аса қауіпті пестицидтерді қолданады, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұтынуға жарамсыздығына әкеліп соғады.
БҰҰ ФАО жобасы аясында Институт мамандары өсімдіктерді біріктірілген қорғау шараларын әзірледі, бұл зиянды организмдермен күресудің табиғи механизмдерін қолдануды қамтитын кешенді тәсіл, ал мамандар пестицидтерді қолдануды тек төтенше жағдайларда ұсынады. Бұл тәсіл фермерлерге адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп-қатерді азайта отырып, экологиялық таза өнім өсіруге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, бұл әдістерді негізгі дақылдарға енгізуге жәрдемдесуге бағытталған Ұлттық IPM Стратегиясы әзірленді. Бұл стратегия уытты пестицидтерге деген тәуелділікті азайтудың және биологиялық, агротехникалық, механикалық бақылау әдістерін қолдануды ынталандырудың кешенді негізі болып табылады. Бұл Стратегия ауыл шаруашылығы дақылдарына IPM әдістерін енгізуге бағытталған сынақ нәтижелері негізінде әзірленді.
ФАО бастамасымен 2025 жылғы 29 қаңтар күні Алматы қаласында IPM Ұлттық Стратегиясын талқылау бойынша семинар өткізілді. Семинарға өсімдік қорғау басқармасының басшысы Сүлейменов Алмат Темірболатұлы, «Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрайымының орынбасары Айнабеков Ержан Тоқтасынұлы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы ФАО-ның климаттың өзгеруге төзімділік жөніндегі халықаралық консультанты – Жужанна Керештес (Мажарстан), сондай-ақ өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мамандар, шетелдік компаниялардың өкілдері, дистрибьютерлер, ЖОО және ҒЗИ қызметкерлері шақырылды.